Али Ахмедов шаршы алаңға 11 қазан күні шығады
Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Али Ахмедов (12-0, 9KO) келесі жекпе-жегін 11 қазан күні Коста-Меса қаласында (Калифорния) өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
23 жастағы боксшының кезекті қарсыласы мексикалық Хавьер Гомес (17-14, 11КО) болмақ.
Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз осының алдындағы жекпе-жегінде америкалық Хорхе Эскаланте жеңген болатын. Лос-Анджелесте өткен кездесудің төртінші раундында Ахметов нокаутпен жеңіске жеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или