Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сүлейман мексикалық спортшы Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкиннің арасындағы үшінші кездесуге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі жазды.
WBC: Головкин «Канелоны» реваншқа шақырды
«Канело» міндетті түрде қорғануы мүмкін, дегенмен оны ерікті түрде орындауы да ықтимал. Алайда біз Головкиннің реванш сұрағанын білеміз. Әзірге бұл жекпе-жек нақты болатыны туралы шешілген жоқ, бірақ ол өткізгісі келетінін айтты», - деді Киевті осы күндері өтіп жатқан WBC Конвенциясында Сүлейман.
WBC сериясы бойынша Альварестің келесі міндетті қарсыласы – Джермалл Чарло. Ал «Канело» 15 желтоқсанда рингке шығып, орта салмақтағы экс-чемпион Давид Лемьемен жұдырықтасуы мүмкін.
Головкин осы жылдағы жекпе-жегін «Канеломен» өткізді. Енді GGG 2019 жылдың көктемінде рингке шығуы ықтимал.
Еске сала кетсек, GGG мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы өтіп, теңбе-тең есебімен аяқталған. Бір жыл өткеннен кейін өткен екінші жекпе-жекте мексикалық боксшы<span> </span>жеңіске жеткен.
Сонымен қатар, Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Саул «Канело» Альварес екінші жекпе-жекте билет сатылымынан және ақылы телетрансляциялардан<span> </span>қанша пайда тапқаны белгілі болған.<span><br /></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или