Әлем чемпионы Головкиннің өнеріне баға берді

Әлем чемпионы Головкиннің өнеріне баға берді
IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Джарретт Херд Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен соңғы жекпе-жегіне өз бағасын берді.
«Мен негізі бұл айқаста GGG жеңді деп жүргенмін. Бірақ сосын жекпе-жекті қайтадан мұқият қарап шықтым да, көп адамның неге «Канелоға» сүйсініп жүргенін түсіндім. Альварес Головкинге не керек болса, соны берді. GGG қашып жүрді, бірыңғай қарымта соққы беріп, «джебтен» аса алмады. Оның соққылары жаман емес, бірақ бұл кездесуде «Канелоның» жеңгені айдан анық көрініп тұр», - деді Херд Laugh At First Site журналына берген сұхбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или