Үш қазақстандық боксшы қарсыластарын ойсырата жеңді
Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жанабаев кәсіптік рингте төртінші жеңісіне жетті.
Жеңілмеген спортшы Мәскеуде өткен бокс кешінде өзінің мүмкіндігін көрсетті. Ол Әзербайжан боксшысы Эмин Биннаталиевпен жұдырықтасты.
Жекпе-жек алты раундқа созылуы тиіс еді. Біріншісінде Жанабаев қарсыласын нокдаунға жіберді, екінші ранудта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
<span>Бокс кешінде Асхат Жантұрсынов пен Ержан Залилов та қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Лақап аты "Ракета" Ержан Залилов кәсіптік рингтегі 11-ші жеңісін тойлады: оның қарсыласы ресейлік Александр Салтыков төртінші рандтан кейін әрі қарай жұдырықтасудан бас тартты. </span>
<span>Асхат Жантұрсынов кәсіптік рингтегі екінші жекпе-жегін өткізіп, латвиялық Эдгарс Калнарстан басым түсті.</span>