Фируза Шарипова «Тақтар ойыны» сериалына түскісі келеді

Фируза Шарипова «Тақтар ойыны» сериалына түскісі келеді

Екі салмақ дәрежесі бойынша кәсіби бокстан чемпиондық белбеулердің иегері Фируза Шарипова «Тақтар ойыны» приквелін түсіруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

<span>«НВО-ның бокс шоуларын трансляциялаудан бас тартқаны өкінішті. Біз Монакада өткен Sportel конвенциясында менің айқастарымды тікелей эфирден көрсету туралы, «Тақтар ойыны» танымал телехикаясындағы түсірілім туралы келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастық жасауға талпындық. Өкінішке қарай, жаттығуларыма байланысты «Тақтар ойынына» түсе алмадым. Егер менің бос уақытым болып, телеарнамен келісе алсақ, сериалда ойнағым келеді. Себебі, НВО хикаяларға басымдық беруде. Біз келіссөз жүргізіп, бағымызды сынап көрмекшіміз», - деді спортшы. <br /></span>

<span>Бұдан бұрын, Фируза Шарипова «Тақтар ойынына» түспекші болды, бірақ кейін кәсібіне баса назар аударған болатын. </span>

<span>Еске салайық, Фируза Шарипова қазіргі таңда WBC Silver белбеуінің иегері және осы ұйымның тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына міндетті үміткер. Оның иегері финляндиялық Ева Вальстреммен жекпе-жек 2018 жылдың желтоқсанына жоспарланған. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или