Бокс

«Астана Арландары» WSB финалында жеңіліс тапты

«Астана Арландары» WSB финалында жеңіліс тапты
news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Цзиньцзян қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық сайысында қазақстандық команда жеңіліс тапты.

Финалдың екінші бөлімінде біздің боксшылар мерзімінен бұрын ұтылды. Бүгінгі жекпе-жекті «арландар» жеңіспен бастаған болатын. 52 келідегі Сәкен Бибосынов Хорхе Гриньяннан басым түсіп, жалпы есепті теңестірген еді.

Өкінішке қарай, 60 келідегі Закир Сафиуллин үш дүркін әлем чемпионы Лазаро Альварестен, 69 келідегі Асланбек Шымбергенов Олимпиада чемпионы Рониель Иглесиастан, Бек Нұрмағамбет Рио ойындарының жеңімпазы Хулио Ла Круздан ұтылды.

Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен Хосе Лардует арасындағы жекпе-жек нәтижесі қорытынды есепке еш өзгеріс енгізбейді.

Бірінші жарыс күнінде кубалықтар 3:2 есебімен басым түскенін хабарлаған болатынбыз.

Осылайша, «Куба Домадорес» Бүкіләлемдік бокс сериясының биылғы маусымында чемпион атанды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер