Бүгін Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы анықталады
Бүгін Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) финалдық кездесулердің екінші бөлімі өтеді. «Астана арландары» мен «Куба Домадорес» арасындағы тартыстың жеңімпазы VIII маусымның чемпионы атанбақ деп хабарлайды<span> </span>Olympic.kz порталына сілтеме жасаған Prosports.kz
Биылғы маусымда финалдық кездесу бейтарап аймаққа жоспарланған. Ақтық сын Қытайдың Цзиньцзянь қаласында өтуде. Финалдағы алғашқы кездесуде кубалықтан 2:3 есебімен жеңісті тартып алды.
Назарларыңызға екінші жарыс күнінде шаршы алаңға шығатын боксшылар жұбын ұсынамыз.
52 келі: Сәкен Бибосынов – Хорхе Гриньян;
60 келі: Зәкір Сафиуллин – Лазаро Альварес;
69 келі: Асланбек Шымбергенов – Рониэль Иглесиас;
81 келі: Бек Нұрмағамбет – Хулио Ла Круз;
91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев – Хосе Лардует.
Егер есеп тең түскен жағдайда шешуші жекпе-жек<span> </span>Бекдәулет Ибрагимов<span> </span>пен Хорхе Моиран Винент арасында өтпек.
Финал Астана уақытымен 17:00-де басталады.