«Астана Арланс» - «Куба Домадорес»: Финал тағдырын екінші кездесу анықтайды
Әлемдік Бокс Сериясы (The World Series Boxing) финалының жалғасы 28 қыркүйек, яғни, ертең Цзиньцзянь шаһарында жалғасын табады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Бұл жолы да әр командадан бес боксшыдан шығады. Егер есеп тең болған жағдайда 64 келі салмақта тағы бір қосымша шешуші жекпе-жек өтеді. Финалдың жалғасын «Хабар» агенттігі Астана уақыты бойынша 17:00 тікелей эфир арқылы көрсетеді.
28 қыркүйекте өнер көрсететін боксшылар:
52 келі – Сәкен Бибосынов - Хорхе Гринан
60 келі – Закир Сафиуллин - Лазаро Альварез
69 келі – Асланбек Шымбергенов - Рониель Иглесиас
81 келі – Бек Нұрмағанбет - Хулио Ла Круз
91 жоғары салмақ дәрежесі – Қамшыбек Құнқабаев - Хосе Лардует
Есеп тең болған жағдайда:
64 келі – Бекдәулет Ибрагимов - Хорхе Моиран Винент
Сурет: «World Series Boxing»