Денис Кузин кішкентай спортшыларға «Чемпион сабағын» өткізді

Денис Кузин кішкентай спортшыларға «Чемпион сабағын» өткізді

Коньки тебуден әлем чемпионы қазақстандық Денис Кузин спорт секцияларының тәрбиеленушілеріне арнап шеберлік сыныбын өткізді.

Коньки тебу спортынан әлем чемпионы қазақстандық спортшы Денис Кузин «Алау» мұз айдынында спорт секцияларының тәрбиеленушілеріне арнап шеберлік сыныбын өткізіп, өзінің білімі мен тәжірибесімен өскелең ұрпақпен бөлісті.

Сонымен қатар, Денис Кузин сұрақ-жауап сессиясын өткізіп, қолтаңбалар таратты. «Мұндай сабақтардың басты мақсаты – балаларға өзіне қажетті машықтарды игеруге мүмкіндік беру және оларды жоғары нәтижеге қол жеткізуге ынталандыру. Үлгі аларлық тұлғаны өз көздерімен көрген соң жастардың шабытына шабыт қосылары сөзсіз!» – дейді акцияны ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, Денис Кузиннің алтын жүлдесі биылғы жылдың басты жетістіктерінің бірі. Бұған дейін коньки тебу спортынан отандастарымыз жоғары сұрыпты медаль алған емес. Алдағы уақытта чемпион кең ауқымты спорттық шара – Сочидегі Олимпиада ойындарына қатыспақ.

Еске салайық, «Чемпион сабағы» республикалық акциясына бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан әлемнің күміс жүлдегері Денис Тен, шаңғы тебу спортынан әлем біріншілігінің қола жүлдегері Алексей Полторанин, биатлоннан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева қатысқан болатын.

baq.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или