Канело рематчта Головкин ұтты дегендерге жауап берді
Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен екінші жекпе-жектің әділ өтпегені туралы айтып, «Головкинн жеңуі тиіс еді» дегендерге жауап берді, деп жазады Stan.kz.
Twitter-де шетелдік тілшілердің бірі «Канелоға» сұрақ жолдаған.
«Головкиннің жеңісін армандап, шағымданғандар әлі шағымданып жүр. Мұндай адамдармен не істейміз?» – деп жазған тілші.
Өз кезегінде Альварес тілшінің желідегі сұрағына жауап берді.
«Олар әрі қарай да шағымданып жүре берсін. Олар өмір бойы шағымданып өтеді», – деп жазды Альварес.
Айта кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.