Головкин: «Осуману Адаманың бірде-бір жекпе-жегін көрген жоқпын»

Орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі қарсыласы Осуману Адаманың бірде-бір кездесуін көрмегендігі туралы айтты.

«Жоқ, мен ол туралы ештеңе білмеймін. Оның қалай жұдырықтасатынын әлі көрген емеспін» — деді Головкин Boxing News 24 сайтында.

Естеріңізге сала кетсек, оның алдында Осуману Адама: "Головкинді ұтқан алғашқы боксшы боламын" деп айтқан болатын.

Айта кетер жайт, Геннадий Головкин мен Осуману Адама арасындағы жекпе-жек алдағы жылдың 1-ші ақпан күні Монакоде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или