Бокс

«Astana Arlans» - «Cuba Domadores»: Алғашқы сында кубалықтар жеңді

«Astana Arlans» - «Cuba Domadores»: Алғашқы сында кубалықтар жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» финалда «Куба Домадорес» командасымен кездесті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Қытайдың Сямынь қаласында өткен кездесу 2:3 есебімен кубалықтардың пайдасына шешілді.

Алғашқы кездесуде Теміртас Жүсіпов кубалық Дамиан Арсе Дуартені (49 келі) жеңгенімен, одан кейін шаршы алаңға шыққан Ілияс Сүлейменов Освиэл Давид Кабалльеро Гарсияға (56 келі), Ділмұрат Мәжитов Энди Крузға (64 келі) есе жіберді. Ал төртінші болып жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл қарсыласы Ослейс Иглесиас Эстраданы (75 келі) жеңіп, жалпы есепті теңестірді.

Бүгінгі соңғы жекпе-жекте 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрбол Алтаев өте тәжірибелі боксшы Эрисланди Савонға қарсылық таныта алмады. Кубалық қара маржан біздің Нұрболдан әлдеқайда мықты екенін көрсетті.

Айта кетерлігі, бұл қос команда арасындағы алғашқы кездесу. Енді араға екі күн салып екінші финалдық кездесу өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер