«Astana Arlans» - «Cuba Domadores»: Әбілхан Аманқұл есепті теңестірді

«Astana Arlans» - «Cuba Domadores»: Әбілхан Аманқұл есепті теңестірді

<span>Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалында «Astana Arlans» пен «Cuba Domadores» командалары бақ сынап жатыр, деп хабарлайды prosports.kz.</span>

<span>Қытайдың Сямынь қаласында өтіп жатқан алғашқы жарыс күнінде әзірге төрт жекпе-жек өтті. </span>

<span>Алғашқы кездесуде Теміртас Жүсіпов кубалық Дамиан Арсе Дуартені (49 келі) жеңгенімен, одан кейін шаршы алаңға шыққан Ілияс Сүлейменов Освиэл Давид Кабалльеро Гарсияға (56 келі), Ділмұрат Мәжитов Энди Крузға (64 келі) есе жіберді. Ал төртінші болып жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл қарсыласы Ослейс Иглесиас Эстраданы (75 келі) жеңіп, жалпы есепті теңестірді. </span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или