Сауль Альварес 15 желтоқсанда жекпе-жек өткізеді
Орташа салмақ бойынша әлем чемпионы Саул Альварес ағымдағы жылдың желтоқсанында жекпе-жек өткізуге рұқсат алды.
Геннадий Головкинмен жақында өткен шайқаста сол жақ көзінің үстінен зақым алған мексикалықтың осы жылы жекпе-жек өткізетініні күмәнмен қаралған болатын. Алайда, дәрігерлер алаңға шығуға рұқсат берді.
Сауль Альварес қазан айының бірінші онкүндігінде жаңа жаттығу лагерінде дайындығын бастауды жоспарлап отыр. Келесі жекпе-жекті ол 15 желтоқсанда өткізуге ниетті. Әзірге, қарсыласы белгісіз. Канело IBF версиясы бойынш бұрынғы әлем чемпионы Дэвид Лемьемен кездесуі әбден мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или