Серік Бақытқанов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Словакияның Трнава қаласында өтіп жатқан күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар әзірге екі медаль жеңіп алды.
Әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Марина Закшевская қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін күресте ол италиялық Луиза Эммануэланы 12:0 есебімен ұтты.
Ал еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Серік Бақытқанов үздік үштікке енді. Жартылай финалда америкалық балуаннан жеңілген Серік қола медаль үшін өткен белдесуде Оңтүстік Корея өкілін 12:8 есебімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или