Сочидегі қысқы Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылардың киім үлгісі таныстырылды

Сочидегі қысқы Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылардың киім үлгісі таныстырылды

Киім тігумен айналысатын «ҚазСПО-N» компаниясы Сочидегі қысқы Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылардың киім үлгісінің тұсаукесерін өткізді.

Компания директоры Елена Свечникованың сөзіне қарағанда, жабдықтың толық жиынтығына 26 киім түрі, олардың арасында - салтанатқа арналған форма, жаттығу киімі, бас киім, шарф, жейде және т.б. енеді. Тұтас киім үлгісінің құны 2300 долларға бағалануда.

Киім үлгісінің түсі Қазақстан туымен түстес, оның дизайнын жасауда ел тарихының ерекшеліктері ескерілді. Еліміздің аумағынан табылған көне ескерткіштер мақамы қолданылған. Олар: петроглифтер, таспен мүсіндеу, көне қолжазбалар. Сондай-ақ, осы дәуірге жататын жартасқа жиі салынатын суреттердегі бұқаның, барыстың, күн басты жануарлардың, салт аттылардың және басқалардың бейнелері қолданылған. Дизайнды әзірлемес бұрын компания қызметкерлері Қазақстанның алдыңғы қатарлы тарихшыларынан кеңес алған.

Олимпиадалық киім үлгісінің жиынтығын және де балаларға арнап тігілген форманы да таяу арада барлық адамдар сатып ала алады. «КазСПО-N» компаниясы Zibroo брендімен спорттық киім үлгісін тігу және шығарумен айналысады.

Еске сала кетейік, Сочидегі қысқы Олимпиада ойындары 7 - 23 ақпан аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или