«Ақжайық» «СКА-Свердловске» жол берді
<p style="text-align: justify;">
<strong>Допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» Екатеринбургте «СКА-Свердловск» командасымен айдынға шықты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Өкінішке қарай, бұл кездесуде оралдықтар 3:9 есебімен жеңіліп қалды. «Ақжайықтан» үш голды да команда сұрмергені Ескендір Нұғманов соқты. Сонымен қатар ойын барысында Александр Шавалдин мен Е.Нұғманов 12 метрлік айып добын қарсыластар қақпасына соға алмады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или