Абель Санчес: Головкин ашулы
Жаттықтырушы Абель Санчес қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің «Канелодан» жеңілгенінен соң қандай күйде болғанын айтып берді, деп жазады Prosports.kz сайты.
<span>- Бұл айқаста біз жеңіске жеттік деп білеміз. Жеңісті «Канелоға» берген екі төрешіден басқаларының бәрі Головкин ұтты деп есептейді.</span>
Шешімді өзгерту біздің қолымыздан келмейді. Біз Геннадийді ұлттық чемпион деп санаймыз. Халық жеңіс Головкинке тиесілі екенін біледі, – дейді бапкер.
Абель Санчестің айтуынша, қазақстандық боксшы көңілсіз жүрген көрінеді, сондай-ақ Лас-Вегаста алаң иелеріне артықшылық берілетініне ашулы.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласында өткен болатын. Аталмыш жекпе-жек төрешілердің шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетіп, GGG-ге тиесілі болған <span> WBA Super және WBC </span>чемпиондық белбеулерін иеленді.