Головкиннің бапкері келесі қарсыластарын атады
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34КО) жаттықтырушысы Абель Санчес өз шәкіртінің алдағы уақытта кездесуі мүмкін қарсыластарының атын атады, деп хабарлайды prosports.kz.
- <span>WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы </span>Билли Джо Сондерспен жұдырықтасу жоспарда бар, немесе оның қазіргі қарсыласы Андраде Деметриуспен кездесуіміз мүмкін, егер ол англиялықты жеңе алса. Бұлардан бөлек <span>WBA нұсқасы бойынша тұрақты чемпион </span>Риото Муратамен жекпе-жек өткізуіміз де мүмкін, - дейді Санчес.
Естеріңізде болса, 15 қыркүйек <span>Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварестен (49-1-2, 34 КО) жеңілген Головкин өзінің WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған болатын.</span>
<span>Тағы бір айта кетерлігі, жоғарда біз сөз еткен Сондерс-Андраде жекпе-жегі 20 қазанда Бостон қаласында (Массачусетс штаты, АҚШ) өтеді. </span>