«Astana Marathon 2018» жарысында бес мыңға тарта адам қатысты
Астанада бүгін жыл сайынғы халықаралық «Astana Marathon-2018» жарысы болып өтті, деп хабарлайды Prosports.kz елорадалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марафонға 5 мыңға тарта адам қатысты. Айта кетерлігі, қатысқан адамдардың бестен бір бөлігі толық жүгіріп өтті.
Сонымен қатар, қазақстандықтармен бірге Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғыз Республикасы, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Грузия, Люксембург пен Испанияның атлеттері де марафонға қатысты.
Жарыс жолына шыққан 18 жастан асқан спортшыларға 42,2 және 18 шақырымды бағындыру ұсынылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или