Айдос Ербосынұлы өзінің тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы Ақтөбеде өткен кәсіпқой бокс кешінде өзінің тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.
Жекпе жек басында Айдос беларусьтік Александр Сущиц нокдаунға түсірді. Қалған раундтарда Сущиц Айдостың қарқынына төтеп бере алғанымен, одан асып түспеді. Он раундтың қорытындысы бойынша Ербосынұлы жеңіске жетті. Төрешілер есебі - 100:90, 100:91, 99:91. Осылайша, Ербосынұлы WBA Asia белдігін қорғап қалды.
Бұл Ақтөбедегі бокс кешінде төрешілер шешімімен аяқталған алғашқы жекпе-жек болды.
Естеріңізге салсақ, Айдос <span>әуесқой бокста ол Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанса, «Astana Arlans» сапында Дүниежүзілік бокс сериясында жеңіске жеткен болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или