Қазақстандық боксшылар алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті
Ақтөбеде өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы Полат Әбдіқасылов тәжікстандық Баxодур Тиллоевты жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz
Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Тиллаевты екінші раунда техникалық нокаутпен құлатты.
Сонымен қатар, 57,2 кг салмақта Медет Айдос тәжікстандық Мутриб Карамбаxшовты теxникалық нокаутпен ұтты. Кездесу екінші раундта аяқталды.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек - жерлестеріміз үшін кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или