GGG - «Канело»: Ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті
Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Таразында Головкин 159,6 фунт (72,333 келі), Альварес - 159,4 фунтты көрсетті. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 91 грамм ауыр болды. Осылайша Головкин мен Альварес орташа салмақ лимитінен асып кеткен жоқ. Ол - 160 фунт (72,5 келі).
Fué @Canelo el provocador. Muy gallito no. Mañana lo será ? pic.twitter.com/s2XdLcPUyC
— FERNANDO SCHWARTZ #másfuerteqnunca (@fersch_4) 2018年9月15日
Қос боксшы дәстүрлі көз түйістіру сәтінде жекпе-жектен бұрын жұдырық сілтесе жаздады. Боксшылар мен қатар олардың командасы да өзара жаға жыртыса жаздады. Абырой болғанда, ұйымдастырушылар дер кезінде екі тарапты тоқтатып үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы екінші кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша 16 қыркүйек таңертең өтеді.
_1.jpg)
_1.jpg)
_1.jpg)
_1.jpg)
_1.jpg)
_1.jpg)
_1.jpg)
_1.jpg)
_1.jpg)
_1.jpg)
_1.jpg)
_1.jpg)
_1.jpg)
_1.jpg)
_1.jpg)
Фото: boxingscene.com