Алматыда үстел тенисінен «Оңтүстік Астана» деген атпен халықаралық турнир басталды
Алматыда үстел тенисінен «Оңтүстік Астана» деген атпен халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz порталына сілтеме жасап.
<span> 20-шы мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі жарысқа елімізден бөлек Ресей мен Өзбекстаннан да теннисшілер келді. Бүгін қыздар арасында финалға жолдама алғандар анықталды. Алғашқы жартылай финалда Өзбекстандық Камила Халикова мен Мархабо Магдиева кездесіп, Камила 4:0 есебімен жеңіске жетті.</span>
<span> Екінші жартылай финалда жерлестеріміз Зәуреш Акашова мен Анастасия Лаврова шеберлік байқасты. </span>
<span>Соңғы ел біріншілігінде Анастасия қарсылас шыдатпай, Қазақстан чемпионы атанса, Зәуреш қола медальды қанағат тұтқан еді. Бұл жолы Акашованың бағы жанды. Есеп: 4:3. </span>
<span>Финал ертең өтеді.</span>