Күрес түрлерінен Әлем чемпионаты Астанада өтеді
Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 2019 жылғы Әлем чемпионаты (лицензиялық) елордамыз Астанада өтетін болды, деп хабарлайды prosports.kz.
2019 жылы 14-22 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланып отырған әлем біріншілігінде балуандар жүлдеге ғана емес, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасына да таласатын болады. Әлем чемпионатында ( олимпиадалық салмақ дәрежелерінде) үздік алтылыққа енген балуандар Олимпиада жолдамасына ие болады.
Естеріңізде болса, осыған дейін Әлем чемпионаты Алматы қаласында өтеді деп хабарланған болатын. Алайда, соңғы сәтте Астанада өткізуді жөн деп санапты.

Айта кетейік, күрес түрлерінен 2019 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге Астана, Алматы және Стамбул (Түркия) қалалары үміткер болған.