Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы боксшының командасы хабарлады.
28 қыркүйек Калифорния штаты Окленд қаласында өтетін бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы 24 жекпе-жек өткізіп, 16-ын жеңген Колумбиялық Карлос Галванмен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек – Жәнібектің Америкадағы дебюты.
Естеріңізге сала кетейік. Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Әуесқой бокста Жәнібек Қазақстанның 9 дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының және Әлем чемпионы. Олимпиада ойындарының қатысушысы. Отандасымыз осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста екі кездесу өткізіп, екеуін де жеңіспен аяқтаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или