«Астана арландары» финалға дайындалатын боксшылар құрамын жариялады
«Астана арландарының» WSB финалына дайындалатын боксшылары белгілі болды. Команданың бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков Қытайға баруы мүмкін екі құрамды атады, деп жазады «Астана» Президенттік клубының баспасөз қызметі.
«Астана арландары» бокс клубы биыл өз тарихында бесінші рет Дүниежүзілік бокс сериясының финалына жолдама алып отыр. Енді қыркүйектің 26-сы мен 28-і күндері Қытайдың Сямын және Цзинцзян қалаларында өтетін ақтық текетіресте жерлестеріміз «Куба батырларымен» кездеседі. Осыған орай, бүгін «Астана арландарының» бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков финалға дайындалатын боксшылардың құрамын жариялады.
«Астана арландарының» финалға дайындалатын құрамы:
49 келі: Теміртас Жүсіпов, Ержан Жомарт
52 келі: Сәкен Бибосынов, Олжас Байниязов
56 келі: Ілияс Сүлейменов, Жанболат Қыдырбаев
60 келі: Закир Сафиуллин, Серік Теміржанов
64 келі: Бекдәулет Ибрагимов, Ділмұрат Мижитов, Мирасәлі Сәрсенов
69 келі: Асланбек Шымбергенов, Абылайхан Жүсіпов
75 келі: Әбілхан Аманқұл, Сапарбай Айдаров
81 келі: Бек Нұрмағамбетов, Нұрдәулет Жарманов
91 келі: Нұрбол Алтаев, Антон Пинчук
91+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрсұлтан Аманжолов
Қытайға аттанатын боксшылар бүгін Астана қаласында жиналды. Осында бір апта оқу-жаттығу жиынын өткізіп, елордалық боксшылармен спаррингтік-кездесулер ұйымдастыратын «арландар» 19 қыркүйекте Қытайға ұшып кетеді.