Қанат Ислам Ақтөбедегі кәсіпқой бокс кешіне қатысады

Қанат Ислам Ақтөбедегі кәсіпқой бокс кешіне қатысады

Ақтөбе қаласында Азия деңгейіндегі кәсіпқой бокс кеші өтеді. Ақтөбеліктер барлығы 11 кездесуді тамашалайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ақтөбеге әлемнің үздік боксшылары жиналады. Бокс кешіне WBA Inter-Continental және WBO NABO титулының иегері Қанат Ислам, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов, бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев және Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қатысады деп жоспарланып отыр.

«Кәсіпқой бокс кешінің қатысушылары ретінде Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Әзербайжан, Филиппин және Қазақстан спортшылары болады. Көрермендер 11 толық жекпе-жекті тамашалайды. Шаршы алаңда еліміздің намысын Ибрагим Ескендір, Уалихан Бисенқұлов, Арман Рысбек, Руслан Мырсатаев сондай-ақ, ақтөбелік Дастан Садуұлы мен Медет Айдос қорғайтын болады. Кештің басты жекпе-жегінде Бобыржан Момынов WBC нұсқасы бойынша Азия чемпионатының атағы мен NBA нұсқасы бойынша Inter - Continental чемпионы атағы үшін күреседі. Ол филиппиндік Ибгос Жанжесси Джуниормен кездеседі», - деді басқарма басшысы Мейрамбек Махамбетов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или