Фируза Шәріпованың кезекті қарсыласы белгілі болды

Фируза Шәріпованың кезекті қарсыласы белгілі болды

<span>Кәсіпқой бокста екі салмақ санатында бірқатар белдіктердің иесі </span>Фируза Шәріпова кезекті жекпе-жегін әлем чемпионы фин Ева Вальстремммге қарсы өткізуі мүмкін.

Алдын-ала жасалған келісім бойынша жекпе-жек ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына жоспарланып отыр.

Кездесудің нақты мерзімі алдағы бір-екі аптаның ішінде белгілі болады. Бұл жекпе-жекте Ева Вальстремнің WBC версиясы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы қос белбеуі және IBO чемпионы Шәріпованың белбеуі сарапқа салынбақ.

Ева Вальстрем сегіз жыл ішінде 22 кездесу өткзіп, оның тек бірінде ғана тең түскен. Ал қалған 21 жекпе-жекте ол жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или