«Астана арландары» финал алдындағы соңғы жиынын Астанада өткізеді

«Астана арландары» финал алдындағы соңғы жиынын Астанада өткізеді

Ертең елордамызда «Астана арландары» бокс клубы Дүниежүзілік бокс сериясының финалдық жекпе-жегінің қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынын бастайды<span>, деп жазады «Астана» Президенттік клубының баспасөз қызметі.</span>

Жаттығу жиыны 12 қыркүйек пен 19 қыркүйек аралығында Астананың «Тарлан Арена» спорт кешенінде өтеді. Жаттығу жиынына финалға қатысудан үмітті барлық боксшылар шақыртылған.

- Мұнда біз Астана қаласының құрамасымен бірлескен жаттығу жиынын жасап, жергілікті боксшылармен спаррингтік кездесулер өткіземіз. Сондай-ақ, Қытайға баратын боксшылардың визаларымен айналысуымыз қажет. Ал Қытайға 19 қыркүйек күні ұшамыз. Ол жақта да бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 26 қыркүйекте алғашқы кездесуімізді өткіземіз, - деді «Астана арландарының» бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков.

Естеріңізге сала кетейік, WSB финалы биыл бейтарап елде өтеді. Финалдағы қарсыласымыз – «Куба батырлары». Алғашқы айқас 26 қыркүйек күні Сямын қаласында, екінші кездесу қыркүйектің 28-і күні Цзинцзянда өтеді. Егер барлық салмақтағы айқастардың қорытындысы бойынша тең есеп тіркелсе, командалар жекпе-жек жеңімпазы анықтау үшін 64 келіде тағы бір айқас өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или