Геннадий Головкиннің неліктен әнұраннан бас тартқаны белгілі болды

Геннадий Головкиннің неліктен әнұраннан бас тартқаны белгілі болды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альвареспен қарымта кездесудің алдында ұлттық әнұрандардың орындалуы туралы мән-жайды түсіндірді.

«Оскар (Де ла Хойя) біздің әнұранды сыйламайтынымызды айтады. Алайда мұндай сөзді естудің өзі біртүрлі. HBO телеарнасы 3 әнұранның орындалуы үшін 20 минут қажет екенін түсінеді. Бұл кештегі маңызды оқиғаның қарсаңында өте ұзақ болып кетеді. Әнұранға деген құрметіміз бар. Бүкіл арена әнұранды естиді. Алайда әнұран PPV-кардқа дейін орындалатын болады», – дейді Леффлер.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Де ла Хойя боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жек алдында әнұраннан бас тарту туралы шешіміне таңғалғанын айтып, оны «патриот емес» деп<span> </span>айыптаған<span> </span>еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или