Головкин Альвареспен жұдырықтасқан соң кәсіби бокстан кете ме

Головкин Альвареспен жұдырықтасқан соң кәсіби бокстан кете ме

Геннадий Головкин Сауль Альваресті жеңген жағдайда кәсіби мансабын аяқтау-аяқтамауы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды prosports.kz сайты today.kz-ге сілтеме жасап. 

Басылым тілшісі әлем чемпионынан: "Егер 15 қыркүйекте жеңіске жетсең, ол сенің соңғы жекпе-жегің болуы мүмкін бе?" деп сұрады. 

"Бұл туралы менен 15 қыркүйектегі жекпе-жектен кейін сұраңыз. Қазір өзімді жақсы сезінемін және күшімнің бар екенін сеземін. Егер жанкүйерлер менің бокстасқанымды әлі де қаласа көрерміз", – деді Головкин. 

Естеріңізге салайық, Головкин мен Альварес бірінші жекпе-жекте тең түсті. 

Рематч Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да 15 қыркүйекте өтеді. 

Тікелей эфирді 16 қыркүйек таңертең Qazaqstan мен Qazsport арналарынан көруге болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или