Бейбіт Шүменовтің бұрынғы промоутері «Канело» — GGG жекпе-жегінің жеңімпазын атады

Бейбіт Шүменовтің бұрынғы промоутері «Канело» — GGG жекпе-жегінің жеңімпазын атады

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің бұрынғы промоутері Дон Чарджин Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің нәтижесін болжап көрді. 

- Алғашқы кездесуде «Канело» өзін еркін ұстамай, қателік жасады. Енді ол қателігін саралап, алдағы жекпе-жекте көп шабуылдайтын болады. Жекпе-жек тартысты өтеді деп ойлаймын. Головкин бірінші кездесуде басымдық танытты. Дегенмен рематчта «Канело» Головкинді ұпай бойынша ұтады деп ойлаймын, — дейді Дон Чарджин Тhe Telegraph басылымына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, «Канело» — GGG жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или