Фируза Шарипова - Юлия Куценко жекпе-жегінен бейнешолу
Санкт-Петербург қаласында басты жекпе-жегінде қазақстандық Фируза Шарипова (8-1, 4 КО) мен ресейлік Юлия Куценко (7-0-1, 3 КО) жұдырықтасқан бокс кеші аяқталды, деп жазады prosports.kz.
WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы қыз қарсыласы Куценконы кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты. 10 раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.

Осылайша, отандасымыз өзінің титулдарын қорғап ғана қоймай, жеңіл салмақта WIBA чемпионы атағына ие болды.
Тағы бір айта кетерлігі, бұл бокс кешінде Фирузадан бөлек тағы бірқатар қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жектерін өткізді.
Атап айтар болсақ, алдымен Мұхит Амантаев кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті. Одан кейін тағы бір отандасымыз Жантіл Өмірбай қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Қазақстандық белгілі нокаутшы Али Балоев бұл жолы да нокаутпен жеңіске жетті. Виктор Коточигов тайланд елінің тәжірибелі боксшысы Аеккаве Каевманиді (16-10, 6 КО) төртінші раундта нокаутқа түсірді.