Майк Тайсон: Ломаченкоға тең келер ешкім жоқ
Аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингінің көшін кім бастау керегін айтып берді, деп жазады Prosports.kz.
«Pound for Pound рейтингінің көшін маған ұнайтын Украинаның жігіті Ломаченко бастауы қажет. Шебер, жұдырықтасу стилі әдемі. Эррол Спенс те мықты. Бірақ дәл қазіргі сәтте Ломаченкоға тең келер ешкім жоқ», — дейді бұрынғы боксшы.
Айта кетейік, Василий Ломаченко жеңіл салмақта WBA Super чемпионы. Сондай-ақ, Олимпиадының екі дүркін жеңімпазы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или