Рой Джонстың келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

ММА жұлдызы Андерсон Силва мен бокс саңлағы Рой Джонстың жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін.

Владимир Хрюнов «Совет спортына» берген сұхбатында жақында UFC президенті Дэйн Уайтпен кездесетінін мәлім етті. Кездесу барысында ММА-дің ең үздік спортшысы Андерсон Силва мен әйгілі боксшы кіші Рой Джонс арасындағы жекпе-жек талқыланады.

Хрюновтың айтуынша, кездесу Қазақстанда өтуі әбден мүмкін. Өйткені, Қазақстан тарапы мұндай айтулы шоуды елімізде өткізуге мүдделі болып отырған көрінеді. Жекпе-жек бокс ережелері бойынша өтеді, дейді ұйымдастырушылар. Екі түрлі спортпен айналысқанына қарамай, бұл екі спортшы бүгінге дейін кездесу өткізгісі келетінін бірнеше рет жариялаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или