Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің гонорары белгілі болды

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің гонорары белгілі болды

15 Қыркүйек күні Лас-Левагас қаласында өтетін реванш жекпе-жегінде Головкин мен "Канело" Альварестің қанша ақша алатындығы анықталды. 

As.com хабарлауынша, WBC президенті Маурисио Сулейманның дерегімен "Канело" ең кемінде 30 млн доллар алады. Головкиннің табысы 20 миллион долларды құрайды. Бұл әзірге ең кемінде айтылған сыйақы мөлшері. Себебі, бұған қос боксшылар HBO арнасында ақылы телекөрсетілімнен түсетін қаражаттың белгілі бір бөлігін алады. 

Айта кетейік, жекпе-жек 16 қыркүйек күні өтеді. Қазақстанда Qazsport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или