Студенттер арасындағы Әлем чемпионаты отандастарымыз жүлделі оралды

 Студенттер арасындағы Әлем чемпионаты отандастарымыз жүлделі оралды
Абай Қуандықов (52 келі), Бекболат Құрамысов (69 келі) пен Ержан Ордабаев (60 келі) жеңіс тұғырынан көрінді.

6 қыркүйекте Қалмақ Республикасының астанасы Элиста қаласында кезекті Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Финалда екі жерлесіміз өнер көрсетті. Бірі – Абай Қуандықов (52 келі), екіншісі – Бекболат Құрамысов (69 келі).

Абай Қуандықов (52 келі) ақтық сында Тайбэй елінен келген Хон Чуан-Хсунды тізе бүктірді

Бекболат Құрамысов (69 келі) финалда тағы бір Тайбэй өкілі Пан Хун-Мингпен жұдырықтасты. Өте тартысты өткен жекпе-жекте қазылар жеңісті қарсыласқа беріп жіберді.

Алдында хабарлағанымыздай тағы бір отандасымыз Ержан Ордабаев (60 келі) қола медальды қанағат тұтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или