Ресейде өтетін бокс кешінде қазақстандық 6 боксшы өнер көрсетеді
Басты жекпе-жегінде WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белбеулерінің иегері қазақстандық Фируза Шарипова (8-1, 4 КО) мен ресейлік Юлия Куценко жұдырықтасатын бокс кешіне қатысатын боксшылардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды prosports.kz.
Санкт-Петербург қаласында өтетін бокс кешінің андеркартында алты бірдей қазақстандық боксшы өнер көрсетеді.
Мұхит Аманбаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шығады. Қарсыласы - Өзбекстандық Исломжон Хужаев. Ол кәсіпқой бокста 6 айқас өткізген.
Тағы бір қазақстандық Жантіл Өмірбай WFA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. Қарсыласы - Беларусь боксшысы Руслан Родзивич.
Қазақстандық Виктор Коточигов тайланд боксшысы Аеккаве Каевманимен жұдырықтасады. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.
Қазақстандық белгілі нокаутшы Али Балоев әзербайжандық Гулхусейн Агазадамен жұдырықтасады.
Ал алтыншы қазақстандық боксшының есімі қазірше аталмады.
Бокс кеші 8 қыркүйекте Санкт-Петербургте «А2» аренасында өтеді. Кештің басты ұйымдастырушысы Юлии Куценконың промоутер, атақты боксшы кіші Рой Джонс.