Қанат Ислам WBA рейтингісінен шығып қалды

Қанат Ислам WBA рейтингісінен шығып қалды

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) тамыз айының рейтингісін жариялады.

33 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам шілдедегі рейтингіде бірінші орта салмақта 10-шы орында тұрған. Ал тамызда жаңартылған тізімде боксшы үздік 15-тіктен тыс қалды.

Бұған дейін Қанат WBC, WBO рейтингілерінен шығып қалған болатын.

Айта кетейік, Ислам соңғы рет рингке 2017 жылдың қыркүйегінде шығып, канадалық Брендон Кукты жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или