Альварес өзіне жасалған ота туралы айтып берді

Альварес өзіне жасалған ота туралы айтып берді

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) сәуір айында тізесіне жасалған отасы туралы толығырақ айтып берді. Бұл туралы Вaq.kz жазды.

«Бұл тазалау болды. Мендегі кистаны (суға толған ісік – ред. ) алып тастады, кейін ауырғандықтан тазалады. Тізем қатты мазалағандықтан, ота жасауға бел будым. Содан соң жақсы жүгіре және жақсы жаттыға бастадым – ешқандай проблема жоқ», - деді Альварес.

Айта кетсек, 15 қыркүйекте «Канело» қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) екінші жекпе-жегін өткізеді.<span> </span><span><br /></span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или