Байдарка мен каноеде ескек есуден команда бапкері: Төрт күмістің екеуі алтынға тең

Байдарка мен каноеде ескек есуден команда бапкері: Төрт күмістің екеуі алтынға тең

Байдарка мен каноеде ескек есуден Қазақстан командасының бас бапкері Андрей Шантарович Азия ойындарын қорытындылады. 

-Азия ойындарының нәтижесі көңілімнен толықтай шығады деп айта алмаймын. Себебі, қол созым жерде тұрған алтыннан айырылып қалған сәттеріміз болды. Азия ойындарын 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медальмен аяқтадық.  Бұдан да жақсы нәтиже көрсететін жөніміз бар еді. Бізге стратегия, түсіністік жетпеген сияқты. Кейде өзімізге тым сенімді болғанымыз да кесірін тигізгендей көрінеді.

4 күміс жүлденің екеуі алтынға пара-пар екенін айтқым келеді. Әсіресе,екі адамдық байдаркада есеміз кетті. Бір жағынан, төрешілер қатарында Қазақстанның бірде-бір өкілі болмағаны да жанға батты. Мәселен, көптеген ресми сындарда алдымен екі адамдық, кейін төрт адамдық байдаркамен жарысады. Ал бұл жолы керісінше болды бәрі. Сондықтан, алдымен «төрттікке» шыққан жігіттер кейін тағы да сынға түсіп, шаршап қалды. Бұл өте ауыр! Егер өзімізден бір төреші болғанда, мұндай қиындық болмас па еді?

Қыздарға айтар өкпем жоқ. Барлық спортшыларымыз алтын үшін аянып қалмады. Енді алдағы жарыстарда жақсы нәтиже көрсету үшін барымызды саламыз, - деді Шантарович ҰОК баспасөз қызметіне. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или