Қазақстан медальдар есебінде алғаш рет Өзбекстаннан жеңілді

Қазақстан медальдар есебінде алғаш рет Өзбекстаннан жеңілді

Индонезияда өткен Азия ойындары бүгін ресми түрде жабылады.

Өкінішке қарай, биылғы құрлықтың ойындарды Қазақстан үшін сәтті өтті деуге келмес. Қазақстандық спортшылар Азиадада 76 медаль ұтып алды – 15 алтын, 17 күміс және 44 қола. Осылайша, 9-шы орынға табан тіредік.

Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихында Азия ойындарында көрсеткен ең төмен нәтиже саналады. Алғаш рет қазақстандық команда медальдар есебінде алдына Өзбекстан спортшыларын жіберіп алды.

Мысалы, 1994 жылы Қазақстан медальдар есебінде 4-ші орын алса, Өзбекстан 5-ші болған еді. Ал 1998 жылы біз бесінші орын иеленсек, өзбек спортшылары 10-шы сатыға жайғасты. 2002 жылы – 4-ші (Өзбекстан 5-ші), 2006 жылы – 4-ші (Өзбекстан 7-ші), 2010 жылы – 5-ші (Өзбекстан 8-ші) орындарды еншіледік. Ал 2014 жылы Қазақстан медальдар есебінде 4-ші орында болса, Өзбекстан үздік ондыққа да кіре алмады – 11-ші. Биыл оңтүстік көршілеріміз үздік 5-тікті түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или