Шведов: Жігіттерге рахмет! Ешкім сенбеген кезде жинала білді
Су добынан Қазақстан командасының бас бапкері Александр Шведов финалдағы жеңістен өз пікірімен бөлісті.
Еске сала кетейік, кездесу барысында қазақстандықтар 3:7 есебімен ұтылып жатқан болатын. Бірақ жеңіске деген жігердің арқасында 8:7 есебімен жапондықтарды ұтып кетті.
«Қазіргі көңіл күйімді сөзбен жеткізу қиын. Ойынша да, бапкердің көмекшісі де болғам. Алайда, дәл осындай сәтті алғаш рет сезінудемін. Бүкіл турнир барысында ешбір кездесуі оңайға соқпаған команамен жеңіске жетіп отырмын. Финала 3:7 есебімен ұтылып тұрып, кейін чемпион атану үшін темірдей мінез, шеберлік пен тәртіп керек.
Оларға бар болғаны өз бағытымыздан танбау керектігін айттым. Жігіттерге рахмет! Ешкім сенбеген кезде жинала білді», - деді Шведов.
ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі