Азиада-2018. Бокстан алтын бұйырмады

Азиада-2018. Бокстан алтын бұйырмады

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл да Азия ойындарының финалында жеңіліп қалды.

75 келіге дейінгі салмақтың финалында Әбілхан өзбекстандық Исраил Мадримовпен кездескен. Өзбек боксшысы финалда 3:2 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Ал Аманқұл болса, бұл Азиадада күміс жүлдені қанағат тұтпақ.

Айта кетейік, бүгін 69 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Асланбек Шымбергенов те Өзбекстан боксшысынан ұтылып қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или