Аян Бейсенбаев: Алтын алуға сіңірімнің тартылып қалғаны кедергі болды
Триатлоннан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған Аян Бейсенбаев Олимпиада комитетінің ресми<span> </span>сайтына сұқбат беріп, алтын медаль алуға не кедергі болғанын айтып берді.
«Негізі, алтын алуға шамам жететін еді. Бірақ веложарыстан кейін аяғымның сіңірі тартылып, аздап уақыттан ұтылдым. Одан бөлек, күннің тым ыстық болуы да әсерін тигізді. Мұндағы ауа райына бейімделу қиынға соқты. Алайда, ешбір қиындыққа қарамастан, бар күшімді салдым. Алға қойған мақсатымыз орындалғанына қуаныштымын», - дейді Бейсенбаев.
Еске сала кетейік, Аян Азия ойындарының чемпионынан 55 секундқа қалып қойды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или