Қарағандыда халықаралық турнир басталды

Қарағандыда Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирдің шымылдығы түрілді.

Бұл сайыс осымен 30-рет ұйымдастырылып отыр. Турнирде Ресей, Куба, Моңғолия, Тәжікстан, Иран және Қытай елінің спортшылары бақ сынауда. Қазақстанның атынан әр облыстың құрама командалары мен "Astana Arlans" клубы тартысқа түседі. Әрбір салмақ дәрежесі бойынша жеңімпазға 150 мың теңге, 2-орынға 100 мың, ал 3-орынға 50 мың теңге табыс етіледі. Қарағанды облысы әкімінің арнайы сыйлығы автокөлік 69 келі салмақ дәрежесі бойынша басым түскен спортшыға беріледі. Айта кету керек, бағдарламаға әйелдер боксын қосу жоспарланғанымен, қарағандылық спортшы қыздарға қарсылас табылмаған.

Майкро Ромеро, Атланта Олимпиадасының чемпионы:

- Бұл турнирге алғаш рет 1999 жылы қатыстым. Ол кезде Қазақстан боксының деңгейі орташа болатын. Ал қазір еліміз спорттың осы түрі бойынша үздік үштікке кіреді деп есептеймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или