Тай боксшысы Мейвезердің рекордын бұзды

Тай боксшысы Мейвезердің рекордын бұзды

Тай боксшысы Ванхенг Менайотин даңқты Флойда Мейвезер-кішінің рекордын жаңартты. 

Аса жеңіл салмақта WBC чемпионы кәсіпқой мансабында 51 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Бүгін Ванхенг Менайотин филиппиндік боксшы Педро Тударуанға қарсы өткізген жекпе-жегінде төрешілердің шешімен ұтты.

Осылайша, 51 жекпе-жекте жеңіске жетіп, Флойд-Мейвезердің 50 жеңіліссіз кездесуден тұратын рекордын бұзды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или