Жанат Жақиянов Еуропа чемпионы атағына таласпақ

Жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін) өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (21-1, 14 КО) EBU нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы атағына таласпақ.

Жақияновқа қарсы француз Кәрім Герфи (20-2, 5 КО) шығады.

Басылым ақпараты бойынша, француздардың жеңіске тіккен жүлдесі 62 000 еуро, бұл сома Жақияновтың мүддесін көздейтін Hatton Promotions компаниясы төлемек болған 25 696 еуродан әлдеқайда артық. Аталған жекпе-жек Францияда өтеді. Нақты қай күні өткізілетіні таяуда белгілі болмақ.

Еске сала кетейік, Герфи Европа чемпионы титулына қыркүйек айында бельгиялық Стефан Хамойимен болған жекпе-жекте иеленген. Француз 12 кезеңдік кездесуде төрешілердің шешіміне сай жеңіске жеткен болатын.

Жақияновтың соңғы жекпе-жегі шілде айында Минскіде өтті. Қазақ спортшысы жетінші кезеңде украиндық боксшы Юрий Ворониннен басым түскен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или