Қанат Ислам кезекті жеңісіне қол жеткізді

Орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Қанат Ислам тәжірибелі доминикандық Базилио Сильвадан техникалық нокаутпен басым түсті. Рейтингілік кездесу Доминикан Республикасында өткен болатын.

Жекпе-жек қазақстандықтың айқын басымдығына байланысты алтыншы кезеңде төрешілердің шешімімен тоқтатылды.

Қанат Сильваны төртінші раундта-ақ есеңгіреткен еді, алайда тәжірибелі қарсылас есін жиып, кездесуді жалғастыра алды.

Осылайша, 29 жастағы Қанат Ислам кәсіпқой рингте 16 кездесу өткізіп, 16 мәрте жеңіс тойын тойлады. Соның ішінде ол 14 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или